«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды

Студенттердің көктемгі семестрі 24 қаңтарда басталады. Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

Министрліктің хабарлауынша:

  • Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етілді.
  • Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.
  • Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
  • Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:
  • Маска режимі қатаң ұстану керек;
  • Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндетті;
  • Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу корпустарына кіргізілмейді.
  • Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап етпейді.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81 пайыздан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94%-дан астамы екпе алған.

Связанные посты

МЫ СДЕЛАЛИ СВОЙ ВЫБОР — ТЫ СДЕЛАЙ СВОЙ!

admin_mugalzhar

Токаев проголосовал на республиканском референдуме

admin_mugalzhar

Подросток утонул в реке Жем

admin_mugalzhar

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.