«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны 5 мыңға артады

2022 жылы қазақстандық ЖОО-ында оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша гранттың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді.

Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінеді. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

Сонымен бірге білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, былтыр бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар отбасында ерекше қажеттілік бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады, — деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Связанные посты

Итоги года: В Казахстане получен рекордный урожай зерновых, проводится диверсификация посевных площадей и увеличен объем льготного финансирования до 580 млрд тенге

admin_mugalzhar

В РАЙОНЕ ПРОХОДИТ ОТБОР ЧЛЕНОВ В ОБЩЕСТВЕННЫЙ СОВЕТ

admin_mugalzhar

Глава государства посетил Казахский национальный университет имени аль-Фараби

admin_mugalzhar