«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

Тоқаев жаңа Қазақстанның мақсатын айтты

Жаңа Қазақстанның мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанның мақсаттарын айтты, — деп хабарлайды sn.kz.
«Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.
Жаңа Қазақстанның мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», — деді Тоқаев.

Связанные посты

16,9 млн кв. метров жилья введено в эксплуатацию за 11 месяцев: план перевыполнен

admin_mugalzhar

Король Абдалла II наградил Касым-Жомарта Токаева Высшим орденом Иорданского Хашимитского Королевства «Аль-Нахда»

admin_mugalzhar

Первый в Казахстане международный форум корпоративных университетов ГМК прошел в Астане

admin_mugalzhar