Студенттердің көктемгі семестрі 24 қаңтарда басталады. Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.
Министрліктің хабарлауынша:
- Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етілді.
- Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.
- Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
- Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:
- Маска режимі қатаң ұстану керек;
- Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндетті;
- Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу корпустарына кіргізілмейді.
- Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап етпейді.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81 пайыздан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94%-дан астамы екпе алған.