«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

Қысқы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар көрсетеді

Qazaqstan, Qazsport, Хабар және El arna Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфир арқылы көрсетеді, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Qazaqstan телеарнасындағы эфир толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Танымал комментаторлармен бірге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары өз ойларын ортаға салады.

Әрбір жарыстың алдында және жарыс күнінен кейін «Бейжің-2022» атауымен тікелей эфирде студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Телеэфирден бөлек, олимпиадалық жарыстарды www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көруге болады.

Айта кетері, XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады.

Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғайды. Оларда 87 жолдама бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

XIV қысқы Олимпиаданың эфирдегі трансляциялар кестесісін мына жерден жүктеуге болады.
kaz.caravan.kz

Связанные посты

Вернулись с победой!

admin_mugalzhar

Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

admin_mugalzhar

В Катаре представили талисман Чемпионата мира по футболу

admin_mugalzhar

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.