«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шерияздановты қабылдады. Облыс басшысы аудан әкімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылға арналған міндеттері туралы есебін тыңдады.

Аудан әкімі өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Жұрын мен Елек ауылдарына, №315 теміржол бекетіне көгілдір отын кіргізілгендігін, Қаракөл ауылына газ құбыры тартылып, биылғы жылы ауылішілік жұмыстары аяқталатындығын баяндады. Сондай-ақ үстіміздегі жылы Жарық пен Мұғалжар ауылдары көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар 2021 жылы Талдысай мен Басшилі ауылдарына орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылғандығын, 2022 жылы Жарық, Құмсай, Шенгелші, Қожасай ауылдары орталықтандырылған таза ауыз сумен және тұрғын саны 200-ге жетпейтін елді мекендер Сабындыкөл, Жаңатұрмыс, Миялыкөл, Тепсен-қарабұлақ, Көтібар-батыр, Көктөбе, Көлденең-Темір, Көбелей, Құмсай, Құмжарған, Еңбек, Темір-көпір елді-мекендері (КБМ-кешенді блок модулі) арқылы ауыз сумен толық қамтамасыз етілетіндігін мәлімдеді.

Облыс әкіміне есеп беру барысында аудан әкімі ауданда өткен жылы ауыспалы кезеңмен басталған жұмыстардың жалғасын табатындығын хабарлады. Қандыағаш қаласында 600 орындық, Ембі қаласында 320 орындық, Талдысай ауылында 100 орындық, Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектептердің құрылыс жұмыстарының биылғы жылы аяқталатындығын атап өтті. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы Қандыағаш, Жем қалаларында, Ақкемер, Бұлақты, Бірлік, Қожасай және Сағашилі ауылдарында жасанды жасыл төсенішпен қамтамасыз етілетін ашық спорт алаңдарын орнату жоспарланғандығын айтты. Сонымен қатар Қандыағаш қаласында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Жағабұлақ ауылындағы ангар типті спорт кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталатындығын баяндады.

«Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында Жұрын ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілетіндігін және ауылішілік 3 көшесіне асфальт төселетіндігін жеткізді. Қаракөл мен Ақкемер ауылындағы мәдениет үйлеріне де күрделі жөндеу жоспарланғандығын айтып, Мұғалжар ауылына жаңа ауылдық клуб ғимаратын салуға арналған жоба дайын екендігін атап өтті.

Облыс әкімінің қабылдауында болған аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстардың ескерілетіндігіне де тоқталып өтті. Қандыағаш қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзету орталығын жаңа ғимаратқа көшіру, Қандыағаш қаласынан 60 пәтерлі 5 қабатты үй салу, «Достық» мөлтек ауданындағы №24, «Жастық» мөлтек ауданындағы №37 А, №37 Б үйлеріне терможаңғырту жұмыстарын жүргізу, «Финский» мөлтек ауданына кәріз жүйесін жүргізу, С.Сейфуллин көшесіндегі саябақ құрылысы жұмыстарын аяқтау сынды маңызды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан әкімі Асқар Шерияздановқа Мұғалжар ауданында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстап, оны ретімен шешуді тапсырды. Ал облыс әкімдігі, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген негізгі мәселелерді кезең-кезеңімен іске асыруға қолдау көрсететіндігін мәлімдеді.

Связанные посты

4-летний ребёнок выпал из окна четвёртого этажа в Кандыагаше

admin_mugalzhar

В «зеленую» зону перешли все регионы Казахстана

admin_mugalzhar

Илон Маск спросил у пользователей Twitter о необходимости кнопки редактирования

admin_mugalzhar

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.