«Мұғалжар» районная общественно-политическая газета

Альварестің Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн мен гонорары айтылды

Сауль «Канело» Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз «күрделі схема» деп атаған «Канелоның» жоспары мынадай:

7 мамыр — «Канелоның» жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;

17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.

«Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын», — делінген хабарламада.

Связанные посты

Канело показал актуальную форму перед трилогией с Головкиным

admin_mugalzhar

Қысқы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар көрсетеді

admin_mugalzhar

ФК «Актобе» представил нового титульного спонсора Olimpbet

admin_mugalzhar

Оставить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.