«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«СӘБИЛЕРІ СҮЙКІМДІ ТОП» БАЙҚАУЫ

admin_mugalzhar

❗️Құрметті оқырман!
Сіз бөбекжай-бақшада сүйкімді, қылықты, өнерлі балапандар тәрбиелеп жүрген білікті тәрбиешісіз бе? Ендеше, сіздің жемісті жұмысыңызды көрсететін кез келді.

✅Ол үшін біз жариялаған «СӘБИЛЕРІ СҮЙКІМДІ ТОП» атты байқауға қатысып, ғажайып сыйлықтарға ие болыңыз!

📌Байқаудың шарты:
*Байқау Мұғалжар ауданы аумағындағы барлық бөбекжай-бақша топтары арасында өткізіледі;
*Топ тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері өз тобының бір күнін (сабақ өту, тамақтану, ойнау сәттерін және т.б.) бейнетаспаға түсіріп, газет редакциясына жолдайды.
Бейнетаспа газеттің инста парақшасында жарияланады;
*Бейнетаспа 1-1,5 минуттан аспауы керек!

🗓Байқау уақыты:
*1 ақпаннан басталады.

📎Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады.
*Бірінші кезең: Инста парақшада ең көп лүпіл жинаған 3 топ автоматты түрде екінші кезеңге өтеді;
*Екінші кезең: Қазылар алқасы (редакция мүшелері, білім және мәдениет салаларының мамандары) өз дауыстарын беру арқылы алға шыққан қатысушылар арасынан жеңімпаздарды тәрбиешілердің кәсібилігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне, топтағы балалардың белсенділігіне, тапқырлығына, ұйымшылдығына қарап, таңдап алады.

🏆Байқауды қорытындылау:
Жеңімпаз атанған топ туралы газет бетіне мақала жарияланып, диплом және арнайы сыйлық табысталады.

👆🏻Ескерту:
*Редакция алқасы жеңімпазды таңдау барысында байқауға қатысушы топ тәрбиеленушілердің қатысу белсенділігімен бірге бейнетаспа сапасын да ескеретін болады;
*Жалған аккаунт (накрутка) арқылы лүпіл жинаған қатысушы байқаудан ескертусіз шығарылады!

«СӘБИЛЕРІ СҮЙКІМДІ ТОП» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛЕСІ ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ ЖІБЕРІҢІЗ:

    Ескерту: Барлығын толтыру міндетті *