«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ж.Қалмағанбетов: «Балиғат жасқа толмаған қыз балаға орамал парыз емес»

Жуырда Мұғалжар ауданында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов мектеп формасын сақтамай сабаққа орамал тағып баратын қыз балалардың ата-аналарымен кездесті.

Қазіргі таңда мектептегі киім үлгісіне қатысты тақырып қызу талқыланып жатыр. Мектептің ішкі тәртібіне мойынсұнбай сабаққа орамал тағып келетін оқушы қыздардың ата-аналары оларды мектепке кіргізбей жатқандығына наразы.

Осыған орай бас қосқан арнайы жиында қатысушы тараптың көкейкесті сауалдарына облыстық дін басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов жауап берді. Оның айтуынша, Ақтөбе облысында қазіргі таңда 300-ге жуық қыз бала мектепке орамал тағып келеді. Оның 75 пайызы балиғат жасқа толмағандар, мұның ішінде Мұғалжар ауданынан 20 бала даярлық тобында жүр.

Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушылардың мектептегі киім үлгісіне қатысты өзінің мәлімдемесін 2016 жылы жасаған болатын. Онда «Құран және Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, балиғат жасына жеткен мұсылман қыз балаға орамал тағу — парыз» делінген. Түсіндірме жұмысы барысында, аталмыш жасқа жетпеген қыздың орамал тағуын шариғатымыз талап етпейтіндігі, сол себепті ата-ана кішкентай бүлдіршінді әлі міндет болмаған орамалға үйретемін деп, парыз болған білім алудан тыймауы тиіс екені насихатталды. Сонымен қатар, шариғат талаптарына сәйкес Ислам діні мектеп табалдырығын жаңа аттаған қыз балаға орамал тағуды міндеттемейтіндігі мәлімделді.

Өзекті мәселе бойынша жиналған бірқатар ата-ананы арнайы мекеме басшылығы мемлекеттің бұйрығын орындауға шақырды. Және түсініспеушіліктің салдарынан туындаған ұсыныс не пікірлер болса, оны жазбаша қалдырулары сұралды.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

2021 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгереді?

admin_mugalzhar

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.