«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Газет туралы

admin_mugalzhar

«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті.

Газет ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінде 18.03.2015 жылы тіркеліп, №15165-Г куәлігі берілген.
Меншік иесі — «МҰҒАЛЖАР» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Газет аптасына бір рет шығады.

Mugalzhar.kz сайты 2021 жылдың 24-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде № KZ24VPY00044508 нөмірімен «Ақпарат агенттігі» болып тіркелді.

 

«Мұғалжар» тарихынан

 «Мұғалжар» газеті өз бастауын 1930 жылы жарыққа шыққан «Кедей» басылымынан алады. Өңірдегі тұңғыш газет төте жазумен басылып шықты. Мұғалжар газетінің іргетасының алғашқы кірпіші Жиенғали Құдайберген Жұбанов, Хамит Құрмашевтардың қолымен қаланды. 1965 жылға дейін бүгінгі «Мұғалжар» Темір қаласында — «Социалистік майдан», «Коммунизм жолы» деген атпен шығып келді. 1965 жылы Темір ауданының орталығы Қандыағаш қаласына көшірілгеннен кейін газет «Октябрь туы» — «Знамя Октября» деген атпен Қандыағаш қаласында шықты. 1995-1997 жылдары аудандық газет атауы «Қандыағаш» деп өзгертілді. 1997 жылы Октябрь мен Мұғалжар аудандары бірігіп, Мұғалжар ауданы болған кезде, осы кезге дейін Ембі қаласында жарық көрген «Еңбек таңы — Коммунист» газеті Қандыағаштағы «Октябрь туы» — «Знамя Октября» газетіне қосылып, аудандық газет «Мұғалжар» деген ат алды. Аудандық газет жаңалық тарату жолында заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылады. Әлеуметтік желідегі басылым парақшалары да ел, облыс, аудан жаңалықтарын күнделікті жариялауда, «mugalzhar.kz» сайтының да өз оқырмандары бар.