«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХҚКО-ның қосымша секторы ашылды

Қандыағаш қаласының «Финляндия» аумағында ХҚКО-ның Қандыағаштағы бөлімінің секторы ашылды. Онда орталықтағы қызметтің барлық түрлері көрсетіледі.

ХҚКО-ның Қандыағаш қаласындағы бөлімінің басшысы Абзал Жалғасовтың айтуынша, орталықтың секторы қаланың ескі бөлігіндегі Гагарин көшесінде орналасқан бұрынғы қазынашылық басқармасының ғимаратында. Оның ішінде қазіргі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті бар. Ғимараттың бірінші қабатында ашылған ХҚКО-ның секторында үш маман жұмыс істейді. Тұрғындарға қызмет көрсету үшін онда барлық жағдай жасалған. Мамандар жергілікті уақыт 09.00-ден 20.00-ге дейін әрі түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дәл осы уақыт регламентімен сенбі күні де тұрғындар қабылданады.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Новый детский сад открылся в Кандыагаше

admin_mugalzhar

ОСТОРОЖНО, ЗЛАЯ СОБАКА!

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.