Округке әкім тағайындалды

3000 0

Жуырда аудандық мәслихаттың 11 депутатының дауыс беруімен Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі сайланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің  әкімі қызметін атқарған Жұматай Бисеновтың басқа қызметке ауысуына байланысты бұл округке жаңа әкімді тағайындау мақсатында «Мұғалжар ауданы бойынша шығып қалған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын белгілеу туралы» қаулысы жарияланды. Содан бастап Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі қызметіне 4 үміткер ұсынылған болатын. Олар — «Орқаш-А» ЖШС-нің бас инженері және Темір орман шаруашылығының Жұрындағы бөлімшесінің орманшысы Камшат Ермағамбетов, Ақкемер ауылдық округі әкімі аппаратында қызметтегі Тимур Байжанов, Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің директоры Медет Шарипов, Мұғалжар ауданы әкімінің бас инспекторы Рустем Ахметов. Халық қалаулылары аталған ауылдық округ әкімінің қызметіне Камшат Ермағамбетовты лайықты деп таныды.

 Алтын СҮЛЕЙМЕН

Оқи отырыңыз

Жердің де сұрауы бар

27.10.2017 0
Коммерциялық мақсатта берілген жерлер тиімді пайдаланылмаса мемлекет меншігіне қайтарып алынады. Бүгінгі таңда, ауданда осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл…

Қауіпсіз келешек

24.10.2017 0
Ауданда халықтың қауіпсіздігін қаматамасыз ету жобасы бойынша әлі де жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен аптада аталған жобаның аясында қолға алынған 8…

Тағылымды, тарихи 30 жыл

11.12.2017 0
Өткен аптада Ембі қалалық №3 орта мектебі 30 жылдық мерейтойын тойлады. Оған Мұғалжар аудандық мәслихаты мен білім бөлімінің өкілдері, қала…

Тұмаумен ауырмаудың жолы — вакцина

09.10.2017 0
2017-2018  жылдың эпидемиологиялық маусымында А (H1N1 және H3N2) және В типті тұмау вирусының айналымы болжануда. Тұмау вирусының айналымы желтоқсан айынан…

Қайырымдылық – қайырлы іс

06.09.2018 0
Жуырда қайырымды жандардың көмегімен үздіксіз қарекет қылатын «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір мұғалжарлыққа пәтер сыйлады. Бұл жолы мұғалжарлық жалғызбасты көпбалалы…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *