«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сауда және ойын-сауық орталықтары тексеріледі

Ресейдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстандағы барлық сауда және ойын-сауық орталықтарына тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты деп хабарлайды ult.kz порталы Sputnik Қазақстан тілшісінің мәліметіне сүйеніп. 

«Бүгінде елімізде шамамен 1151 сауда орталығы бар, биыл барлығы тексерістен өтеді. Осындай қайғылы оқиғаларды ескеріп, мен эвакуация жолдарын, өртті анықтау жүйесі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына ерекше көңіл бөлуді тапсырдым», — деді Владимир Беккер. 

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орталықтарына 50 АЕК немесе 120 250 теңге айыппұл салынады.

«Жабық тұрған әр есік үшін айыппұл салмаймыз. Әкімшілік хаттама толтырылады, барлық заң бұзушылық соған тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер екінші тексеріс кезінде заң бұзушылық жойылмаса, материалар сотқа жолданады. Ол кезде айыппұл мөлшері өсіп, 100 АЕК-ті құрайды немесе нысанның қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Былтыр мұндай шараны 21 рет қолдандық», — деді ол. 

ТЖК басшысы қазақстандықтар қауіпсіздік талаптарын бұзған сауда орындарына жазбаша түрде шағымдана алатынын айтты.

«Сурет пен видео жолдаған жақсы, әрине. Бірақ заңнамаға сәйкес жазбаша арыз қажет. Біз қазір осы жүйемен жұмыс істеп жатырмыз. Тексерісті қатаңдату үшін бірқатар ұсыныс дайындап қойдық. Жоспарлы тексеріс не екенін сіздер жақсы білесіздер. Кәсіпкер тексеріс жоспарына енгізілгенін көреді. Оның үстіне, біз бір ай бұрын тексеріс үшін келетінімізді хабарлаймыз. Әрине олар дайындалады. Ал біз сауда нысандары қожайындарының жауапкершілігін көтеруіміз керек. Сауда орталығындағы қауіпсіздік үшін мемлекеттік инспектор емес, ең әуелі сол нысанның қожайыны қам жеуі керек», — деді Владимер Беккер.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақты

admin_mugalzhar

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады

admin_mugalzhar

В РАЙОНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ВАКЦИНАЦИЯ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.