«Харакет» қорының тағы бір қайырлы ісі

1830 0

Бүгін Қандыағаш қаласында республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы және бір отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Аталмыш қайырымдылық қорыдың көмегімен баспанаға мұқтаж жандарға Қандыағаш қаласынан осымен төртінші баспана беріліп отыр.

Сейітовтер отбасы 2008 жылдан бері тұрақты баспанасыз жалдамалы пәтерлерді жағалап күн кешіп келген. Былтырғы жылы наурыз айында 43 жастағы отағасы Әли Сейітов дүниеден озып, жары Жанат төрт баласымен қалған. Осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласында балаларының жәрдемақысымен күн көріп келген бұл отбасынының әлеуметтік жағдайын айналасындағы жора-жолдас, тума-туыстары «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілеріне жеткізіп, баспаналы болуына себепші болған.

-2008 жылы отбасы құрғаннан бері басымызда баспанамыз болған жоқ. Шаңырақ көтерген кейін бастапқы жылдары Шалқар ауданындағы Базой елді мекенінде тұрдық. 2011 жылы Ақтөбеге қоныс аудардық. Ол жақта да тұрақты баспанамыз болған жоқ. Жолдасым әр жерде жұмыс істеді. Сөйтіп жүргенде жолдасым қайтыс болды. Төрт қызыммен жалдап отырған пәтерімізде қалдық. Үлкені 4-класта, екіншісі 1-класқа барады. Одан кейінгісі 5 жаста, кенжем 1 жаста. Осы балаларымның күтімімен үйде отырамын. «Харекет» қайырымдылық қорының көмегімен бізге бұйырып отырған пәтердің тиісті құжаттары өз атыма рәсімделіп, балаларым Қандыағаш қаласындағы мектепке қабылданып, көңіліме демеу болғандай болды. Жағдайымызға бей-жай қарамай, қиындықта қол ұшын созған барлық азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ, — дейді Жанат Сейітова.

«Харекет» қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы құрылған қордың қолдауымен бүгінде республика бойынша 85 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның төртеуі мұғалжарлық.  Бұл баспаналар 1000 теңгеден үлес қосқан әрбір қазақстандықтардың қайырымдылық көмектерімен алып берілуде.

-Еліміздің барлық облыстарындағы аудандарда қордың ерікті өкілдері бар. Сол еріктілердің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде баспанаға мұқтаж жандар анықталып, олар туралы мәліметтер жеткізіледі. Онда да ол мәліметтер арнайы комиссияда жан-жақты қаралғаннан соң ғана шешім шығарылып, қайырымдылыққа жиналған қаражат есебінен пәтер алып беріледі, — дейді қордың өкілдері.  

Баспаналы болған отбасының қуанышына Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов, «Харекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілдері куә болды. Олар пәтердің кілтін табыс етіп, босағасына шашу шашты. Айта кетейік, қуанышты сәтке қаладағы «Кете» шағын маркеті мен «Уют» сауда дүкенінің иелері де сыйлықтарын жеткізді.

Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Жем қаласының әкімі белгілі болды

07.12.2017 0
Бүгін Мұғалжар аудандық мәслихаттың депутаттары Жем қаласының әкімін сайлады. Бұған дейін белгілі болғандай Жем қаласы әкімі қызметіне үш үміткер түскен…

Жазға арналған жайлы шаруашылық

29.03.2019 0
Ақкемерлік бағбан Орынбек Қуантаев жергілікті тұрғындарға қолайлы жоба ұсынуда. Жеті жыл қатарынан бау-бақша шаруашылығымен айналысып, жергілікті рынокты көкөніс өнімдермен қамтамасыз…

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

15.11.2018 0
Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір бекетін газдандыру жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары ауылға келген көгілдір отынды үйлеріне кіргізуге…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *