«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аустралияда орман өртінен миллиардтаған жануар қырылды

Сарапшылардың пікірінше, Аустралияда орман өртінің салдарынан 1 миллиардтан астам жануар қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Сидней Университетінің дерегіне сәйкес, осы жануарлардың 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінен қырылған.

Ауcтралияда өрт маусымы әдетте желтоқсаннан наурызға дейін болатын, бірақ биыл қыркүйекте басталып, әлі бірнеше айға жалғасады. Елдегі ауқымды өрттің салдарынан Аустарлия тірі табиғатына айтарлықтай зиян келді.

Штаттың мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 1687 үй, 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 771 үй қираған.

Жергілікті өрт сөндірушілердің арқасында штаттағы 21 000 үй аман қалғаны аталып өтті. Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні елде кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлім етті.
Аустралияда өрт маусымының басында 12 миллион акр жер өртке оранған.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде облысында Президент тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде

admin_mugalzhar

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar

Донбаста жарылған «Боинг» ұшағы бойынша айыптау қорытындысы жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.