Ақтөбе жаңалықтары Басты ақпарат Мұғалжар жаңалықтары

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Мұғалжар ауданы бойынша 37 жалпы білім беру мекемелерінде 2020 жылдың 06 сәуірінен бастап 4 тоқсан қашықтан оқытылуда. Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқытуды барынша тиімді ұйымдастыру бағытында біршама жұмыстар жүргізілді.

Ең алдымен қашықтан оқуға қажетті материалдық – техникалық базаға көңіл бөлінді. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім, қамқоршылықтағы балаларға мектептегі бар компьютерлер бөліп таратылды. Сондай-ақ 59 оқушыға роутер, 52 оқушыға смартфон, интернет, отау қондыру, ұялы телефондарына бірліктер алып берілді.

Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды.
Сонымен қатар педагогтардың қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.

Осы орайда, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының және аудандық білім бөлімі әдіскерлерінің өткізген онлайн вебинар, семинар, конференцияларының көп көмегі болғанын айта кеткен жөн.

Аудандағы 24 орта, 11 негізгі, 2 бастауыш мектептердің мұғалімдері орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясымен бірігіп жасаған әдістемелік ұсынымдарының жобасымен таныстырылып, түсіндіру бойынша ZOOM қосымшасында онлайн-кеңес, мұғалімдерге Kundelik.kz, Daryn.Online.kz, BilimLand, Online Mektep платформаларында оқыту бойынша видеоконференциялар, мектептерде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесін сапалы ұйымдастыру бойынша мектеп директорларына арналған облыстық вебинар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қашықтықтан оқыту процесінің жүргізілу барысын ұйымдастыру, мектепшілік бірыңғай сабақ кестесін жасау және электрондық журнал жүйесі арқылы қадағалауды ұйымдастыру туралы видеоконференция, бастауыш класта қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша вебинар, қоғамдық-гуманитарлық пәндерді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-семинар, жаратылыстану-математика пәндерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша видеоконференциялар өткізілді.
2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында 11 орта мектеп (Қандыағаш,Ембі қалалық ЖББОМ, Ақкемер ЖББОМ – 9156 оқушы) интернет – платформаларды пайдалану арқылы, 26 мектеп (Жем қалалық №5 ЖББОМ,ауылдық ЖББОМ,НОМ,БМ – 2830 оқушы) телеканалдар арқылы қашықтан оқыту форматында бастады.

Қазіргі таңда KundeIik.kz платформасында техникалық кедергілерге байланысты оқушылар BilimLand, Daryn onrline интернет платформалармен жұмыс жасап, мұғалімдермен кері байланысқа шықты.Интернет желісі жоқ шалғай ауылдық мекендерде телеканал арқылы сабақ оқып, мұғалімдермен кері байланыс курьерлер арқылы ұйымдастырылды. Курьерлер оқушыларға тапсырманы арнайы орнатылған жәшікке салу арқылы жеткізеді.

Ата-аналар балаларының уақытылы интернет-платформаларға, телеканалдарға қосылуын қадағалап, тиісті құралдармен қамтамасыз етіп,қашықтан оқу процесіне белсене ат салысуда.
Қосымша білім беру мекемелері де өз жұмыстарын қашықтықтан оқыту бойынша жалғастыруда.

Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығында,Қандыағаш қалалық №1 Аула клубын, Ембі қалалық №1 Аула клубы, А.Жұбанов атындағы Саз мектебі, Жем қалалық №3 Аула клубы мектептен мекемелерінде үйірме жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары да өз жалғасын табуда. «Өрлеу» ПКБАҰО Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен пән мұғалімдері онлайн курстарға қатысып, біліктіліктерін арттыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *