«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің сайтына сілтеме жасап.

«Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!», — делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысы экономикасының өсімі тұрақты

admin_mugalzhar

Мемлекеттік бюджетке 500 млрд теңгеден аса кірістер түсті

admin_mugalzhar

Ақтөбелік шаруаларға қосымша субсидия беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.