«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ – МАҢЫЗДЫ

ЖУЫРДА ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ «ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ З.АБДИЕВА МЕН ЖЕТЕКШІ МАМАН Б.НАҒАШЫБАЕВА МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНДЕ «МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ.

Бақылау барысында бөлім басшысы З.Абдиева мекемедегі қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғауға бағытталған негізгі заңнамалық нормаларды баяндады.

Сонымен қатар Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі З.Абдиева Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымына мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары туралы кең көлемде мағлұмат берді. Қатысушыларды қызметте және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарымен, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелетін міндеттер туралы да айтып өтті.

Халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын қызметкерлермен болған кездесуде қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтармен бөлісіп, қызмет барысында қажетке жарар мағлұматтар алды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar

26 сәуірден бастап ХҚКО кейбір қызметтерді тоқтатады

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ИММУНДАУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar