«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігер ең қауіпті сусынды атады: диабет, қатерлі ісік пен семіздікке әкеледі

Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников қай сусын адам денсаулығына қатты зиян келтіретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, компот пен морс құрамында қант көп, ал алкогольден мүлде бас тартқан дұрыс. Бірақ дәрігер ең қауіпті деп түрлі-түсті, тәтті, газдалған сусынды атады. Олардан алған ләззат тез өтіп кетеді, бірақ салдары өте жағымсыз болуы мүмкін.

«Диабет тудыратын, семіздікке әкелетін, ақыр соңында қатерлі ісік тудыратын нәрсе. Көптеген елде оны мектеп маңында сатуға тыйым салынуы бекер емес. Бұл, шын мәнінде, остеопороздан бастап қатерлі ісік пен жүрек ауруына дейінгі сырқаттарға апаратын жол», — деді Мясников «Россия 1» арнасындағы авторлық бағдарламасының жаңа шығарылымында.

Дәрігер кәдімгі судан басқа шай мен кофе ішуге кеңес береді. Мясниковтің айтуынша, күніне екі-үш кесе кофе ішу — қауіпсіз. Бұл сусын бауырға пайдалы және аритмияны төмендетеді.

«Бұл құяңға, ревматоид артритке, остеопорозға көмектеседі. Яғни, қазір қай жерге барсаңыз да, кофе, кофе, кофе, оның құрамында мыңнан аса биологиялық белсенді зат бар. Айтпақшы, шай да солай. Көк шайдың ісікке қарсы әсері де бар»,- деді тележүргізуші.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында ауыл әкімі өз кабинетінде карта ойнаған

admin_mugalzhar

Сауда және ойын-сауық орталықтары тексеріледі

admin_mugalzhar

Қазақстанның дәрігерлерінің орташа айлығы жарты миллионға дейін жетпек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.