«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

Қыс маусымына сәйкес келмейтін шиналармен жүргендер үшін елімізде көлік жүргізушілеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлік құралдарының қауіпсіздігі үшін жазғы шиналарды қыс мезгілінде, ал қысқы тікенекті шиналарды жазда пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар шина резеңкесінің қалыңдығына байланысты да шектеулер болады.

Құжатқа сәйкес жазғы дөңгелек резеңкесінің биіктігі кемінде 1,6 мм, ал қысқысы 4 мм болуы шарт. Сонымен қатар дөңгелекте үш шыңды тау мен қар ұшқыны бейнеленуі тиіс және «М+S», «M&S» , «M S»таңбаларымен таңбалануы керек. Осы талаптарға сай дөңгелектерді қыста пайдалануға болады.

Жазғы доңғалақпен жүргендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2021 жылы бұл сома – 14 585 теңге, 2022 жылы – 15 315 теңге).

Айта кетері, полицейлер көлігінің доңғалағын ауыстырмағандарға тек қыстың үш айында айыппұл сала алады, қалған уақытта ескертумен шектеледі.

Айыппұлдан бөлек, мұндай көліктің иесі доңғалақты ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірінен айырылуы мүмкін.

Полиция сонымен қатар автомобильдер арасындағы қашықтық пен жылдамдық режимін сақтауды ескертті. Бұл жолдағы күтпеген жағдайларға байланысты туындайтын апаттың алдын алуға көмектеседі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде вакцинаны қоғамдық орындарда да салдыруға болады

admin_mugalzhar

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.