«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жерлестер форумы өтеді

Ертең Мұғалжар ауданында «Ажырамас туған жерден, түлеп ұшып кетсе де» атты жерлестер форумы өтеді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Төлебаеваның айтуынша, аталмыш форум Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішіндегі «Туған жер» атты кіші бағдарламасына байланысты және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай ұйымдастырылғалы отыр. Форумның мақсаты – Мұғалжарда туып, өсіп-өнген азаматтардың басын қосып, оларға ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында мағлұматтар беріп, осы өңірді өркендету жолында үлес қостыруға шақыру. Оған осы ауданнан шыққан кез келген азамат қатыса алады. Жерлестер форумы аудандық Мәдениет үйінде, жергілікті сағат 11.00-ге белгіленіп отыр.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады

admin_mugalzhar

Қазақстанда жүкті әйелдер жәрдемақыны үйде отырып, SMS арқылы рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды

admin_mugalzhar

ТҰРМЫСЫ ТҮЛЕГЕН ТАЛДЫСАЙ

admin_mugalzhar