Блок-бекетті айналып өткен Ойыл тұрғыны екі тәулікке қамауға алынды

0
76

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 465 тәртіп бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Mugalzhar.kz тілшісі.

Барлығы ТЖ режимін бұзудың 465 фактісі анықталды. 92 адам қамауға алынды, 146 адамға айыппұл салынды, 152 ескерту жасалды, 40 материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 25 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 8 айыппұл салынды және 13 ескертілді.

Мысалы, Ойыл ауданының 36-жастағы тұрғынына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды, ол Аманкелді ауылынан шығып, Ойыл ауданының Көптоғай елді мекенінен блокпост айналып өтіп, аудан орталығына келген. Әкімшілік сот ауыл тұрғынын 2 тәулікке әкімшілік қамауға алды.