«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оңтүстік Кореяда президент жақтастары парламенттік сайлауда жеңіске жетті

Оңтүстік Корея парламент сайлауын қорытындылады. Экзит пулдың нәтижелеріне сүйенсек, Ұлттық Ассамблеядағы орындардың көбі қайта билік партиясына бұйыратын секілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус өршіп тұрған кезде өткізілген әлемдегі алғашқы сайлауда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілер кемінде бір метр қашықтықта тұрып, қолдарын жуып, қолғап пен маска киіп таңдауларын жасады. Тізімге отыз бес саяси қозғалыс енді.

Тартысқа түскен екі негізгі саяси күш бар. Олар көк түсті басқарушы Тобуро демократиялық партиясы және қызғылт түсті «Біріккен болашақ» консервативтік партиясы. Оларды бұрынғы премьер-министрлер Хван Гё Ан және Ли Нак Ён басқарады.

Сарапшылардың пікірінше, екеуі де екі мың жиырма екінші жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер. Осыдан бір ай бұрын елде күн сайын жүзден астам індетке шалдыққан уақытта Қытай азаматтарының Кореяға кіруіне тыйым салмағаны үшін оппозиция билікті сынға алған еді.

Ал қазір елде індетті жұқтырғындардың саны айтарлықтай азайды. Сондықтан оппозицияның билеуші партияны экономикалық проблемалар мен Солтүстік Кореямен арадағы нашар қарым-қатынасын еске түсіруден басқа амалы қалмады. Бірақ Сеул тұрғындарының көбі билеуші Тобуроны таңдағанға ұқсайды. Өйткені, биліктің коронавируспен күрестегі жетістігін бүкіл әлем мойындады.

Парламенттік сайлау президенттік сайлауға дайындық деп аталуы бекер емес. Науқан екі мың жиырма екінші жылы өтеді.

Сарапшылардың пікірінше, басқарушы «Тобуро» партиясының жетістікке жетуге мүмкіндігі бар.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның үш облысынан коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды

admin_mugalzhar

Міндетті вакцинациядан өтпегендерді 15 шілдеден бастап тексермейтін болды

admin_mugalzhar

227 елді мекен қауіпті аймақта тұр — ТЖМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.