«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде көмектескен волонтерлер марапатталды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті төтенше жағдай кезінде азаматтық белсенділік танытқан еріктілерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік 4 ерікті азаматтық белсенділігі, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының жұмысына көмек көрсеткені үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов 19 волонтерге алғыс хат берді.

«Биыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Олардың арқасында біздің елімізде көп жұмыс атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін көмекке мұқтаж адамдарға, азаматтарға қол ұшын созды. Қиын уақытта ел үшін атқарған игі істері үшін ризамын. Төтенше жағдай кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де көмек көрсетті, біздің қызметкерлерімізбен бірге із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге атсалысып, шын мәнінде біздің еліміздің патриоты екенін дәлелдеді», — дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Өз кезегінде іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина алғысын айтты.

«Біз әрдайым іздеу және ТЖ кезінде қолдауға дайынбыз. Қолдау білдіріп, бірге жұмыс істеген полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

В АКТОБЕ ЧЛЕНЫ РЕГИОНАЛЬНОГО СОВЕТА В ОБНОВЛЕННОМ СОСТАВЕ ПРИСТУПИЛИ К РАЗРЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ БИЗНЕСА

admin_mugalzhar

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 60-қа жетті

admin_mugalzhar

Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.