«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

«Арманыңа қол жеткіз» атты жас кəсіпкерлерге арналған облыс əкімі гранты жобасына қатысқан мұғалжарлық Алихан Жұбандықов 1 млн 500 мың теңге ақшалай грантын иеленді. Қайыңды ауылының тумасы Алихан «Азия Қорғау» ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс жасайды. «Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасынан «Арманыңа қол жеткіз» жобасын көріп, бағымды сынайын деп шештім. Мал басын өсіру, сүт өнімдері арқылы халықтың денсаулығын көтеру, жұмыссыздықтың алдын-алу, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатындағы «Ауылшарушылығын дамыту — басты бағыт» жобасын жазып, нәтижесінде міне, грантқа қолым жетті, — дейді Алихан Жұбандықов.

Ұқсас ақпараттар

GUMOL орталығының кезекті онлайн басқосуы медициналық қызмет көрсету сапасына арналды

admin_mugalzhar

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: 70 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Елордада дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосу үшін 200 млн теңге бөлінді

admin_mugalzhar