«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде жасалған тауарларға шетелде де сұраныс бар

облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құдайбергенов отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша мемлекеттік шаралардың қалай іске асырылып жатқаны жөнінде брифинг өткізді.

Оның айтуынша, экспортпен айналысатын жергілікті тауар өндірушілерге ақпараттық қолдау, нарықта өз өнімін саудалау, білікті мамандармен байланыс орнату, т.с.с. жұмыстарда демеу жасалып жатыр.

— Оларға соның ішінде шетелдегі нарыққа шығу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Сол жақта тауарларды жарнамалау, тіркеуден өту, жеткізу жағынан ішінара шығындар өтеледі. Бұл тауары, әсіресе, индустриялық-инновациялық саламен байланысты өндірушілерге қатысты. Мұндай қолдаудың енді өріс алғанын айта кету керек, — деді Азамат Құдайбергенов.

Сондай-ақ брифингте сақтандыру, экспорт әлеуетін арттыру, т.б. туралы айтылды.

Аталған басқарма басшысының орынбасары өз сөзінде биылғы 9 айда облысқа тартылған инвестиция көлемі 410 миллиард теңге екенін атап өтті. Ал жыл соңына дейін 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 6-уы бүгінде жұмысын бастап кеткен.

Айта кетейік, Ақтөбеде 50-ден аса компания экспортпен айналысады. Сыртқы нарыққа біздің өңірден құрылыс материалдары, түрлі деңгейдегі жабдықтар, азық-түлік өнімдері шығарылады екен.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СТУДЕНТ «МЕЙІРІМ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

КЕРУЕН КӨРКІ — ӘН МЕН ЖЫР

admin_mugalzhar

Акиматом Актюбинской области ведется учет наличия продовольственных товаров

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.