«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЙЛАУ-2021: МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ БОЙЫНША ӨТЕДІ

2021 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫ КҮНІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АУДАНДАҒЫ ЖАҢА САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҒАЙНИЯТ АСҚАРОВПЕН СҰХБАТТАСТЫҚ.

— ҒАЙНИЯТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ БАСЫНА ЖОСПАРЛАНҒАН КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫНЫҢ ӨТКЕН САЙЛАУЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР МА?

Елде бұл бағыттағы қолға алынған бірқатар шараларды атап өтер болсақ, 2018 жылы сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді мәслихаттар партиялық тізім бойынша сайланады, яғни сайлаушылар партияларға дауыс береді. Кандидаттардың аты-жөндері бюллетеньдерде болмайды, тек партиялардың атауы болады. Партиялар сайлауға дейін кандидаттардың тізімін бекітіп, оны сайлау комиссиясына тапсырады . Кімнің депутат болатынын саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басқару органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан шешеді. Сонымен қатар парламенттік тәжірибеде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

— САЙЛАУ ОКРУГТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ НЕ АЙТАСЫЗ?

— Ия, өзгеріс сайлау округтерін де қамтыды. Ақтөбе облысына қатысты айтар болсақ, Ақтөбе бір сайлау округі болады, Ақтөбе облысы басқа округ, аудандар бөлек округтер болады. Соған байланысты Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қаулысымен округтің шекарасында бір сайлау округі бекітілді. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау округі, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, №16, тел: 8-71333-30977, 32459 мекенжайында орналасқан және бұл хабарлама аудандық «Мұғалжар» газетінің 2020 жылғы 28 қазандағы №43-44 сандарында жарияланды. Тағы бір айта кетер нәрсе, бұрынғыдай округтік комиссиялар жоқ.

-МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР ТІЗІМІНЕ КІРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР БАР?

-Облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың тізімі партияның аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын ауданның партия мүшелерінің жиналысында бекітіледі. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың тізіміне кіру үшін Қазақстанда тіркелген 6 партияның кез келгені Ақтөбе облысының филиалына кіре алады: бұл «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, «Ауыл» ХДП облыстық филиалы, «Бірлік» саяси партиясының облыстық филиалы, Қазақстан коммунистік халықтық партиясының облыстық филиалы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның облыстық филиалы және «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының облыстық филиалы. Бюллетеньдерде тегі болмайды, сайлау партияларға арналған. Сайлаудың нәтижелері бойынша мәслихаттағы бір немесе басқа партиядан орын саны анықталады, кім партиялық тізімнен депутат болатыны, партия ішінде шешіледі. Егер оған кем дегенде екі партия қатысса, сайлау өтті деп есептеледі, яғни сайлау балама болуы керек. Ал талаптарға келсек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мәслихат депутаттығына кандидаттарға келесі талаптарды белгілейді: ол Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 20-дан кем емес, сотта анықталған соттылығы, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ болуы керек, жұмыссыз болуы мүмкін, білімі маңызды емес, тіркелген алты партияның біреуінің мүшесі болуы керек.

«МҰҒАЛЖАР «

Ұқсас ақпараттар

ВОЗЬМИТЕ МАСКУ

admin_mugalzhar

ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

В «САМАЛЕ» СТРОЯТСЯ ВОДОПРОПУСКНЫЕ КАНАЛЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.