«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін

Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:

  • 14 наурыз — «Көрісу күні»
  • 15 наурыз — «Жайлау күні»
  • 16 наурыз — «Шежіре күні»
  • 17 наурыз — «Тарихқа тағзым күні»
  • 18 наурыз — «Игі істер күні»
  • 19 наурыз — «Шымырлық пен шеберлік күні»
  • 20 наурыз — «Зияткерлік күні»
  • 21 наурыз — «Ұлттық тағамдар күні»
  • 22 наурыз — «Ұлыстың ұлы күні»
  • 23 наурыз — «Жоралғы күні»

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (…) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты — Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», — делінген құжатта.

Концепцияға сәйкес мейрамның міндеттері мынадай:

  1. Жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыру;
  2. мейрам кезінде әр адам отбасына, ата-анасына барып, хал-жағдай сұрасу арқылы отбасы институтын күшейту;
  3. азаматтық бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамыту;
  4. этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту;
  5. Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды  ұғыну, экологиялық мәдениетті және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастамаларды дамыту.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мән мәтінінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары. Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам», — делінген тұжырымдамада.

Ұқсас ақпараттар

Тамызда ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

+46°С. Шымкент пен еліміздің барқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.