«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 109,7 мың адам  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 100,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 32,8 мыңы – тұрақты жұмысқа.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 236 адам жіберілді.

Өз ісін ашу үшін 1,2 мың адам мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 68,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 9,7 мың адам; жастар практикасына – 5,1 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 53,8 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 35 отбасы немесе 97 адам қоныс аударды, оның ішінде 47 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті 23 адам жаңа тұрғылықты жерде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді, — делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

BAQ.KZ.

 

Ұқсас ақпараттар

Жанар ИБРАЕВА, әскери қызметкер: ЕЛБАСЫМЕН ЕКІ РЕТ КЕЗДЕСТІМ

admin_mugalzhar

Келер жылы Ақтөбе-Ұлғайсын, Қандыағаш-Шалқар автокөлік жолдары жөнделеді

admin_mugalzhar

ВЫБОРЫ-2021: ОПРЕДЕЛЕН КРУГ ЗАДАЧ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.