«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда еgov істен шықты

Қазақстан Республикасының электронды үкіметі істен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz сайты.

Қазіргі таңда жүйедегі ақауларға байланысты азаматтарға электронды қызмет көрсетіліп жатқан жоқ. Алдағы уақытта олқылықтар жөнделіп, қажетті шаралар қабылданады.

«Құрметті азаматтар!  Бүгін сағат 9:10-нан бастап ҚР ІІМ ӘПК-нің мамандандырылған ХҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті сервистерінде уақытша қолжетімсіздік байқалуда. Қазіргі уақытта мамандар техникалық ақаулықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп хабарлады электронды үкімет.

Ұқсас ақпараттар

«120 балл жинағандарға арнайы грант»: Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмі ұсынылды

admin_mugalzhar

Бала күтіміне байланысты ұзартылған жәрдемақы қалай төленеді?

admin_mugalzhar

Қазақстанда онлайн несие беру тәртібі күшейтілді

admin_mugalzhar