«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» — АДАЛДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

«Адалдық алаңы» жобасы аясында 2021 жылдың ақпан айында кітапханалар арасында «Парасат жолы» орталықтары ашылған болатын. Орталықтарды ашу Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың бастамасымен ұсынылды. Бүгінде жоба негізінде Мұғалжар ауданына қарасты барлық кітапханалар өз жұмысын бастап кетті.

Аталмыш жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Сондай-ақ мәдениет пен әдебиетті байланыстыра отырып, қоғамға парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік екенін айтады кітапхана қызметкерлері. Осы орайда «Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ, Ембі қалалық кітапханасы мен ауылдық кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылып, бұрыштамалар арнайы кітаптармен толықтырылған. Орталықта өтетін шаралар дөңгелек үстел, конференция, кездесу-сұхбат кештері форматында орталықтың ұйымдастыруына қарай жүзеге асырылады.

— Бұл жоба аясында 27 наурыз күні орталықта ҚР Журналистер Одағының мүшесі, қоғам белсендісі, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Байсұлтанов, ардагерлер үйінің жанынан құрылған «Асыл қазына» тобының мүшесі Б.Зұлхановпен «Парасаттылық пен адалдық» атты кездесу кешін ұйымдастырдық. Шара барасында жобаның мақсаты түсіндіріліп, пайдалы әңгімелер мен кеңестер айтылды.

Сондай-ақ, кешке Мұғалжар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Рятов Мақсат парасаттылық, адалдық туралы өз пікірін білдіріп, заң жүйесінде бірқатар мәселелерді айтып өтті, — дейді «Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің директоры Әлия Салкимбаева.

Ембі қалалық кітапханасы да бұл жобаға қатысты арнайы жоспарларымен бөлісті. Қазір ахуалға қатысты біраз жұмыстар, кездесулер кейінге шегеріліп, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылуда.

— Ембі қалалық кітапханасы және бізге қарасты ауылдық кітапханалармен «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығының жоспарын жүзеге асыруға атсалысып келеміз. Ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізіліп, белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайреткерлері жастармен кездесіп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты зиялы пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта «Қайырымдылық — қадірлі іс» атты шарамызға қатысты көмек қолын созуға жаны құштар жандармен, Мұғалжар аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен сұх-бат-кездесу өткізбекпіз, — деді Ембі қалалық кітапхана әдіскері Айнұр Дусипова.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАЛАСЫ, ҚУҒЫНҒА ТҮСТІ ЖАЗЫҚСЫЗ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

admin_mugalzhar

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 479 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

Определились все участники Евро-2020

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.