«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН ИДЕОЛОГИЯҒА АРНАҒАН ЖАН

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЛЫ БОЛУЫНА ҮЛЕСІН ҚОСЫП, ҚИЫН КҮНДЕРІ БИЛІК БАСЫНАН ТАБЫЛЫП, ІСІМЕНДЕ, СӨЗІМЕНДЕ ХАЛЫҚҚА ДЕМЕУ БОЛА БІЛГЕН ЕЛ АҒАЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ. СОНДАЙ ЖАНДАРДЫҢ БІРІ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕЛДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІНЕ КУӘ БОЛЫП, АУДАННЫҢ ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ТЕР ТӨГІП, САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӨТКІЗГЕН ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ – АМАНГЕЛДІ ШУНИМОВ. АМАНГЕЛДІ ҚАЛИҰЛЫ ГАЗЕТІМІЗДІҢ ИНСТА-ПАРАҚШАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТКЕН «ТӘУЕЛСІЗДІК КУӘГЕРЛЕРІ» АТТЫ АЙДАРЫМЫЗДЫҢ ҚОНАҒЫ БОЛЫП, АУДАН ТАРИХЫНАН ТӘБӘРІК ТАРТУ ЕТІП, БОЛАШАҚ ЖАСТАРҒА ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ӨНЕГЕ-ӨСИЕТІН ЖЕТКІЗДІ.

«Mugalzhar_gazeti»: Құрметті Амангелді Қалиұлы, сіз мемлекеттік салада 40 жылдан астам еңбек етіп, ауданның қалыптасуы, дамуыжолындатертөктіңіз. Бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған құрметті ардагерсіз. Санаулы күннен соң сеңгірлі 80 жасқа толғалы отыр екенсіз. Атаулы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ал бүгінгі әңгімемізді ең алдымен еңбек жолын колхоз жұмысшысы болып бастаған өзіңіздің саналы ғұмырыңызды арнаған мемлекеттік қызметке қалай келгеніңіз жөніндегі естеліктермен бастасақ…

— «80 жыл — жазықтықты жүріп өту емес» деген орыс мақалы есіме түсіп отыр. Бұл жасқа келгенше көрерқиындығымда, қуанышымда көп болды. Қызығы мен шыжығы қатар шапқан бұл өмірде тегіс те, сүрлеуліде, ойпаң жолдарда кезікті. Мен 1941 жылы Жұрын ауылында дүниеге келдім, 1958 жылы сол жерден мектеп бітіріп, совхозда жұмысшыболыпбастадым. Олкезде өнеркәсіп деген атымен жоқ, тек ауылшаруашылығының кең етек жайған кезі болатын. Мен де өзге балалар секілді әке-шешеме малшаруашылығына көмектестім. Солай жүргенімде Қазақстанда екпінді құрылыс шаруашылығы басталды. Осы саланы меңгеруді жөн көріп, Балқаш қаласындағы №2 техникалық училищесіне оқуға түстім. Оқуды бітірген соң Балқаш мыс байыту зауытында жұмыс жасап жүріп, әскер қатарына алындым. Әскерден оралған соң Орал қаласындағыпедагогикалықинститутқа оқуға түсіп, оқуымды бітіріп, отбасылы болып, 1968 жылы туған жеріме қайтып оралдым. Келсем, бұрынғы дүркіреп тұрған Жұрын ауданы жабылып қалыпты. Жаңадан құрылған Октябрь ауданының орталығы Октябрь қаласы екен. Елге келгеннен кейін ай жарымдай үйде жатып қалдым. Бір күні үйге  милиция келіп, сол кездегі аудандық комитеттің басшысы Нұрқожа Орынбасаровтың өзіне шақыртып жатқанын айтты. Ол кездегі саясат сол — еңбекке жарамды барлық жанның жұмыссыз отыруға құқығы жоқ болатын. Нұрқожа Орынбасаровтың қабылдауында болғанымда, олмаған: «Сіздің бұлай үйде жатқаныңыз қалай? Қолыңызда дипломыңыз бар, өзіңіз отбасылысыз. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысқан екенсіз. Жұмыссыз отыруға болмайды», — деп аудандық комсомол комитетінің басшысы етіп тағайындады. Сөйтіп мемлекеттік саладағы еңбек жолым басталып кетті. Партия комитетініңсаяси-ағарту бөлімінің, одан кейін үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, бастықтың орынбасары, жалпы бөлім бастығы, бірінші хатшының көмекшісі қызметтерін атқардым. Менің маман болып, қызметте қалыптасуыма, еңбекке етене араласуыма Нұрқожа Орынбасаровтың қосқан үлесі көп болды.

«Mugalzhar_gazeti»: Еңбек жолыңыздың басымында идеология саласы бойынша жұмыс жасаған екенсіз. Қоғамдық сананы қалыптастыру сіз қызмет еткен кезеңде қалай жүрді?

— Ия, еңбек жолымның басымы — идеология саласында өтті. Кеңес үкіметі тұсында идеология қарқынды түрде жүргізілді. Ол кездері әсіресе, еңбек адамдарының жағдайы жасалып, алдыңғы орынға қойылатын. Олардың әр жетістігін, еткенеңбегінкөрсетуүшінгазетмен көгілдір экранға шығарып, түрлі марапаттарғаұсынатынбыз. Мұндағы мақсат — оларды жастар үлгі тұтып, еңбекке ұмтылсын деген ниет болатын. Үлгілі адамдардың елеулі еңбектері арқылы жастарды тәрбиелеу — сол кездегі жүргізілген идеологиялық саясаттың бір парасы еді. Бұл жолда үлкен мақсатты жұмыстаржүргізілдідесемболады. Мен де осыған өз үлесімді қостым. Бар білімім мен білігімді, өмірлік тәжірибемді осы салаға арнадым.

Оқырман: Ел Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары халықтың басымы жұмыссыз қалды, жұмыс жасап жүргендері бірнеше айлап жалақы алмады. Сол кезеңдерде билік тығырықтан қалайшықты?

— 1991 жылы Кеңес үкіметі құлаған шақта барша халық абдырап қалды. Себебі алып империяны осылай құлайды деп ешкім ойлаған жоқ. Бірақ 80-ші жылдардың аяғына таман экономиканың құлдырап, қымбатшылық орын алған кезеңде, жағдайдың қиындығын біліп-сезіп жүрдік. Кеңес үкіметі тарап кеткен кезде қарапайым халық түгілі, қызметтежүргенбіздің өзіміз «арты не болар екен» деген ойға қалдық. Иә, дәрігерлер мен мұғалімдердің, мемлекет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары айлапберілмегенішындық. Жаппай қысқарту орын алды. Бірақ, жаңа құрылған үкімет тамшылып болса да айлықтарын беріп отырды. Халық деген дана ғой. Тоқырау жылдары ел есін тез жиып, алға ұмытылғанда ғана көкке ілігетіндерін түсінді. Қолынан келгендер кәсіпке бет бұрды. Жас болса да іспен айналысып, бардан жоқ жасаған СерікЕсенаманов мейрамхана, дүкен, базар ашты. Сонымен қатар оқытушылықтан кәсіпке бет бұрған Ғалима Еламанованы, кәсіпкерлікті дамытқан Жаңғақ Сақтағанованы атап айтуға болады. Аты аталғандардың бәрі кәсіпкерліктің оқуын оқыған жоқ. Тоқырау кезіндегі қиыншылық пен жоқшылық шыңдады десе болады. Олардың ашқан кәсібі ел игілігіне жарап тұр.

«Mugalzhar_gazeti»: 10 жылға жуық Мұғалжар ауданы әкімдігінің аппаратына жетекшілік еттіңіз, одан кейін ұзақ жыл ішкі саясат бөлімін басқардыңыз. Осы жылдар ішінде қанша әкіммен жұмыс жасадыңыз? Ерекше кімді атап өтер едіңіз?

— Елі басқаратын адам, елдің еркесі емес, жол бастар серке болуы шарт деп есептеймін. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 20 ақпанда ауданның әкімшілік басшысы (қазіргі аудан әкімі) болып Павель Хохлов сайланды. Ал мен аудан әкімі аппаратының басшысы болдым. Павель Хохлов ұлты орыс болса да, қазақ арасында өсіп, қазақилықты бойына сіңірген азамат. Жұмыссыздықбелеңалып, дүкендегі сөрелердіңбос қалып, халықтыңруханияттыысырыпқойып, тек күнкөрістің қамымен кеткен елдің нағыз қиын шақтарында басшылық жасады. Осы қиындықтардың барлығын бастан өткеріп, ауданның қалыптасуы жолында тер төкті. Ол кездері аудан әкімдерінің жағдайы жасалмады. Тіпті олардың қызметтік көлігі де болмады. Бір оқиға есіме түсіп отыр… 1994 жылы мекеме басшылары бөлініп, мектептерде өтетін алғашқы қоңырау салтанатына баратын болды. Мерекелік жиында отырған маған аудан басшысы қоңырау шалып, №5 мектептің шотына 20000 теңге аудару керек екенімізді, мектептің жағдайы мүшкілекенінайтты. Олкездеқазынаданалатынақшаболмады. Қиын кезең екенін содан біле беріңіз. Демеушілікпен сол ақшаны тауып бердік. Ол ақша біздің 5-6 айлық жалақымыз болатын. Әржылдардаауданәкіміқызметтерін атқарған Арынғазы Беркімбаев, Оңдасын Оразалин, Нұрлан Сейткамалов, Елкей Абубакиров, Серік Шаңғұтов секілді азаматтармен қызметтес болдым. Олардың еңбегін бөліп-жарып айтуға болмайды. Ауданның дамуы жолында әрқайсысының өзіндік қолтаңбасы қалды. 2003 жылы Қазақстан бойынша аудандық әкімшіліктерде дербес ішкі саясат бөлімдері ашыла бастады. Ол уақытта бүгінгі облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданының әкімі болатын. Сол кісі шақырып алып маған жаңадан ашылған ішкі саясат бөлімін басқаруды ұсынды. Алғашында бұл бөлімді басқарудан жүрексініп, бас тарттым. Алайда, ойлана келе сенім артып отырғаннан кейін осы бөлімді қолға алып, жұмыс жасауды бастап кеттік. Осы жерде отырып, зейнеткерлікке шықтым. Серік Шаңғұтов ауданды басқарған жылдары ауданның коммуналдық саласынақанжүгіріп, жылу жүйесі дұрысталып, қаңырап қалған көпқабаттыүйлержөнделді. Кейіннен қызмет атқарған Ербол Данағұлов жолдарды жөндеп, саябақ құрылысын қарқынды жүргізіп, ел игілігі үшін көптеген шаруалардың басын қайырды. Бүгінде Асқар Шериязданов бастаған басшылар жүйелі жұмыстар жасауда. Қандыағаш қаласының қазіргі келбетіне де қарап тамсанамын. Қаламыз уақыт өткен сайын көркейіп келеді.

Оқырман: Тәуелсіздікалғаннан кейін ауданда қандай ауқымды жұмыстар жасалды?

— 2000 жылдан бастап жалпы еліміздің жағдайы жақсара бастап, жұмыс орындары көптеп ашылды. Жастарды ортаға тартып, жұмысқа үйретіп, жаңа құрылымдағы ресми іс қағаздарды жазуға дағдыландық. Сонымен қатар соңғы онжылдықта кәсіпкерлік саласы мықтап бекіді деп айтуға болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының арқасында бүгінде ауданның экономикасы алға басты. Біз көбіне қаладағы кәсіпкерліктідамытудыойлап, ауылды естен шығарып жатамыз. Бірақ Елбасымыздың ауылды дамытуға арналған бағдарламаларының арқасында ауылшаруашылығы дамып, малбасынасылдандыру, бордақылау қарқынды жүріп, жемшөпке, жанар-жағармайға субсидиялар көптеп бөлінді. Ауылғажастарды бағыттау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында да көптеген жобалар жүзеге асырылды. Бүгінде қоғам тұрақталып, халықтың саяси өресі өсті.

«Mugalzhar_gazeti»: Өзіңізбен үзеңгілес қызмет жасаған жолдастарыңыздың еңбегі туралы айтып өтсеңіз…

— Менімен қызметтес болған жанның көбісі бүгінде марқұм болды. Солардың бірі, ұзақ жыл аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жангелді Құрмашевты ерекше атап айтар едім. Олжаны жайсаң, қызметіне адал, бар ғұмырын идеологияға арнаған, осы саланың шаңын жұтқан абзал жан еді. Оның сөйлеу шешендігі, жауапкершілігі, ұлттық дүниетанымы үлкен әлем болатын. Әсіресе, елдің алдына шығып, әр нәрсенің ара жігін ажыратып беретін қасиеті ерекше еді. Мен ол кісімен қызметтес болып, бір салада қызмет атқарғанымды мақтан етемін. Сонымен қатар елді мекендерде мемлекеттік қызмет атқарып, ауыл халқына елеулі еңбек еткен Есен Жұмабаев, Сәрсен Тілеубаев, Жазықбай Алданиязовтардың еңбегін атап айтуға болады. Мектеп бітіре сала терімші болып қызметке орналасқан Светлана Емжарова мен Жұмагұл Құлымбетовалар секілді нәзік жанды арулар жұмыстарында табандылық көрсетіп, мемлекеттік қызметтің мінберіне дейін көтерілді.

«Оқырман»: «Қалмаққырған» атты әдеби кітабыңыз жарыққа шығыпты? Бұл кітапты жазуыңызға не түрткі болды?

— Мана сөз басында айтып кеткендей мен Жұрын ауылының тумасымын. Жұрын жері тарихқа толы мекен. Табиғаты да ерекше. Жастайымнан тарихи атауларға бай туған жерімнің тарихын білгім келіп, қызығушылық таныттым. Жұрын аумағында «Естемес» тауы, «Лаққырған», «Толғанай», «Байжарық», «Тайкеткен» деп аталатын тарихи жерлер өте көп. Тарихты танып, білу үшін табиғат аясында екі жыл жылқы да бақтым. Содан болар, Жұрынның сан саласы мен әр түпкірі маған таныс. Менің кітабыма осы мекендердің шығу тарихы, осында өмір сүрген ұлы адамдардың өмірі арқау болды. Бұл кітапқа Жұрын ауылының аталу тарихы, Жорон, Естемес, Есет, Бөгенбай батырлардың ерліктері, 300 жыл қалмақтардың шабуылына төтеп берген қазақ ауылының тұрмысы, қалмақ ханы Кононның өлімі мен Қонжар жерінің, Қалмаққырғанның қалай аталғаны жөнінде тарихи деректер кірді. Әлі де болашақ ұрпаққа айтатын нәрселерімкөп. Алладенсаулықберсе, тарихқа толы «Байжарық» тауы туралы да кітап жазғым келеді.

«Mugalzhar_gazeti»: Бүгінде мемлекеттік салада жүрген жастарға осы саланың ардагері ретінде қандай ақылайтаредіңіз?

— Мемлекеттік қызмет деген үлкен дария секілді. Оның құрамына халық та, саясат та, мемлекет бекіткен үлкен саяси науқанда кіреді. Мемлекеттік қызмет тек қана адал болуды талап етеді. Себебі ол халық игілігі үшін жұмыс жасайтын қызметкер. Саған артылған жауапкершілік пен бекітілген міндетті дұрыс жасамасаң, өзің ойлаған межеңе жете алмайсың. Мемлекеттік қызметті таңдаған жастарға адал, жауапкершілігі мол, сауатты болу керек деп айтар едім. Конституциямызда жазылған заңның аясынан шықпай, тура жолмен жүрсе ғана мұраттарына жетеді.

«Mugalzhar_gazeti»: Әңгімеңізге рақмет.

Жазып алған Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКҚОР БАҒЛАН

admin_mugalzhar

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ ҰРПАҚҚА АЗЫҚ

admin_mugalzhar

БЕС ҰЛТТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОСҚАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.