«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 ЖЫЛДЫҚҚА — 30 ИГІ ІС

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Жағабұлақ ауылында «30 игі іс» ұранымен екі айлық сенбілік аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Батпақкөл ауылдық округі əкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген игі іске
«Қазақойл Ақтөбе» мекемесі үлесін қосты.

Аталмыш мекеменің қолдауымен Жағабұлақ ауылындағы тыл ардагерлерінің, жалғыз басты қариялар мен аналардың үйлерінің аулалары күл-қоқыстан тазартылды.
Игі іске демеу болған мекемеге ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде. Қайырымды шара алдағы уақытта округтегі Жаркемер, Саға, Қожасай ауылдарында өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Димаш Құдайберген ертең онлайн концерт өткізеді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 10 жылға сотталған жазғы лагерь тәрбиешісіне үкім өзгеріссіз қалды

admin_mugalzhar

ЗОНЫ ПОДТОПЛЕНИЯ НА КОНТРОЛЕ

admin_mugalzhar