«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында екі күнде 4,5 млн теңге алимент қарызы өндірілді

Ақтөбе облысының жеке сот орындаушылары екі күнде 4,5 млн теңгеден астам алимент қарызын өндіріп алды, деп хабарлады Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі.

Нотариус Ақтөбе облысының тұрғынына қызмет көрсетуден бас тартты. Ер адам алимент бойынша борышкер болғандықтан, жеке сот орындаушы нотариустің көмегіне жүгінуге тыйым салған.

2019 жылдан бері баласының алдындағы қарызы 1 455 777 теңгеге өсіп кеткен. Берешекті өтеуден басқа ер азаматтың амалы қалмаған.

Облыстың екінші борышкері төрт жыл бойы үш баланың күтіміне ақша төлемей, 3 306 434 теңге қарыз жинаған. Берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушысы оның мүлкіне тыйым салды. Жылжымайтын мүлікті сатудың ұзақ процедурасынан кейін, электронды аукцион арқылы сату кезінде, борышкер мүлікті өзіне қалдырып, алименттік қарызын толығымен өтеді.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Ескі жылдың есебі және жаңа жылға жаңа міндет

admin_mugalzhar

ҚҰМЖАРҒАНДА ҮЙЛЕРІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмайтын жаңа қосымша әзірленді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.