«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

№315 РАЗЪЕЗГЕ ГАЗ БАРАДЫ

ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҮЙ ІРГЕСІНЕ КЕЛІП ТҰРҒАН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙ КЕЛГЕН БАСШИЛІ АУЫЛЫНЫҢ БІРҚАТАР ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛДАН БАСТАП КӨГІЛДІР ОТЫН ПАЙДАЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

Ол туралы Еңбек ауылдық округінің әкімі Аманбай Каюпов хабарлады. Оның айтуынша, округке қарасты Басшилі ауылының Ынтымақ көшесіне (№315 разъезге) газ тарту жұмыстары қарқын алған. Құрылыс жұмыстарын «Gas Energy Construction» ЖШС-і жүргізуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар толығымен жеткізіліп, мердігер мекеменің жұмысшылары газ құбырларын дәнекерлеу жұмыстарымен айналысуда.

— Жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайды. Бүгінде 2 шақырым жер қазылды. Газреттегіш шкафты пункттер (ГРПШ) мен қоршауларын дайындауда. Құрылыс жұмыстарына 1 экскаватор мен 6 жұмысшы жұмылдырылды, — дейді ауыл әкімі.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫСТЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік банк сарапшысы Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесіне баға берді

admin_mugalzhar

Облыстағы білім беру мекемелері жаңа оқу жылына дайын

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.