«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

135 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТ КҮНДЕРІ МҰСЫЛМАННЫҢ АТҚАРАТЫН ЕҢ ЖАҚСЫ ІСІ — ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ. ОСЫ АРҚЫЛЫ ПЕНДЕ АЛЛА ТАҒАЛАҒА ЖАҚЫН БОЛАДЫ, КҮНӘЛАРЫ КЕШІРІЛЕДІ. ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗДІҢ КӨПТЕГЕН НЫҒМЕТТЕРІНЕ ШҮКІРШІЛІК БІЛДІРЕДІ, БАЙ МЕН КЕДЕЙГЕ КЕҢШІЛІК ЖАСАЛАДЫ.

Құрбан айт күндері жабырқаған жандарды, қамкөңіл адамдарды, мүгедектер мен жетімдерді, жесір әйелдер мен қараусыз қалған қарттарды қуантудың сауабы мол. Құрбандық етінің мұқтаж жандарға таратылуының мәні үлкен. Бай мұсылман құрбандық шалғаннан кейін оның етін көмекке зәру адамдарға тарату арқылы бойындағы қатыгездік, тәкаппарлық секілді жағымсыз сипаттардан арыла бастайды. Өйткені садақа беру — мұсылмандардың арасына мейірімдік сынды сезімді ұялататын сауабы мол іс. Құрбан шалу — байға міндет, кедейге көмек болатыны сондықтан деп білеміз. — Карантиндік жағдайларға байланысты биыл да онлайн түрде құрбандық шалуға болады. Соған арнайы сайт та ашылды. Сонымен қатар биыл 20 шілде күні айт намазынын оқылуына облыс бойынша рұқсат етілген болатын. Айт намазы мешіттің сыртында бетперде киіліп, арақашықтық, барлық санитарлық нормалар сақталып оқылды. Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалынады. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал.

-Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Бір адам екі қой бауыздаса, екеуі де құрбандық болады және екі құрбандықтың сауабын алады. Ал түйе мен ірі қараны бір адамнан жеті адамға дейін шалуға болады. Ауру малды құрбандыққа шалу, яғни көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, тістері жоқ, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Төрт мал құрбандыққа жарамайды: қылилығы айқын, ауруы анық, ақсақтығы мәлім, жілік майы таусылған (тым арық) малдар» деген. Белгілі жасқа жеткен малды құрбандыққа шалу дегеніміз, қой мен ешкі бір жасқа жету керек. Үлкендігі бір жасар қойға ұқсас алты айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт. Құрбан айт мерекесі басталғалы аудан бойынша құрбандыққа шалынған малдың 925 кг еті 135 отбасыға таратылды, — деді аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Асемхан Ерғазин.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН НАЗАРДА ҰСТАДЫ

admin_mugalzhar

Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр

admin_mugalzhar

Қандыағаш көшелерінде вандализм белең алып тұр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.