«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

Дәрігер Ольга Кораблева күрішті қандай адамдарға жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, семіздікке шалдыққан адамдарға күріш жеуге болмайды. «Диабет» диагнозы қойылған адамдар ақ күріштен бас тартқаны жөн.

“Оның гликемикалық индексі – 70, ал сүтке пісірілген ботқаның индексі 75-ті құрайды», – деді дәрігер.

Маман күріш жеңіл сіңетінін және іш өту мен іш кебу сияқты асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде өте пайдалы екенін жеткізді.

“Жіті гастрит кезінде суға пісірілген сұйық күріш ботқасын жеу керек. Ал егер іштің қатуы жиі болса, күрішті аптасына екі реттен көп жемеген абзал”, – дейді Кораблева.

Оның айтуынша, күріш диеталық тағам. Пісірілген 100 грамм өнімде – небәрі 110-120 калория. Күрделі көмірсулар ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды және шамадан тыс көп жеуге мүмкіндік бермейді. 100 грамм күріште 2,6 грамм май ғана бар.

«Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай. Дәнді дақыл жақсы сіңеді, сондай-ақ ол токсиннен құтқаратын және тұздың жиналуына тосқауыл болатын табиғи «сорбент», – дейді ол.

Маманның айтуынша, дені сау адам күніне 200 грамнан артық күріш жемеуі керек.

Ұқсас ақпараттар

WhatsApp дауысты хабарды мәтінге айналдыратын болады

admin_mugalzhar

Бір тәуліктегі 24 сағат туралы не білесіз?

admin_mugalzhar

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп кетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.