«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мажарстанның Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы спикерінің орынбасары Шандор Лежактың қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Мажарстанның саяси қайраткерлері, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.

Рәсім барысында Шандор Лежак көрнекті ақын және ойшыл Абайдың шығармашылық мұрасы батыс және шығыс мәдениетін байланыстыратынын айтты.

1

Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Михай Варга Венгрия Үкіметі екі ел арасындағы ғылыми-мәдени мұра саласындағы қатынастарды «шығысқа терезе» сыртқы саяси стратегиясы аясында дамытуды жалғастыратынын атап өтті.

2

Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов Абайдың еңбектері елдер мен халықтардың жақындасуына ықпал ететінін, ал оның рухани мұрасының арқасында венгриялық жастар қазақ даласының мәдениетімен таныса алатынына сенімін білдірді.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Зиба СҰҢҒАТОВА, кәсіпкер: Бұл карантин өзіміз, ұрпағымыз, халқымыз үшін қажет!

admin_mugalzhar