«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

13-18 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысының әуесқой бокс федерациясының кубогіне арналған жарыс өтті.
Жарысқа Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, жүлдемен оралды. 63 келіде сынға түскен Арман Ермекбай жеңімпаз атанса, 60 келіде жұдырықтасқан Аян Калмаганбетов ІІ орынды иеленді.
Федерация кубогінде жеңімпаз бен жүлдегер атанған Арман мен Аян Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.
Жаттықтырушылары Аманкелді Усенбаев, Еркебұлан Тұрсынбаев.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбелік команда «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша көш басындағы үштікке кірді

admin_mugalzhar

ҮШ ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

ОБЪЯВЛЕНИЕ

admin_mugalzhar