«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОВИД-19: Бір аптада 5 жағдай

Ауданда өткен аптада коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 5 жағдайы тіркелді, ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылардың 1 жағдайы тіркелді. Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде орындау туралы қолхаты негізінде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 30 адам (клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен 9 адам, жақын қарым-
қатынаста болған тұлғалар -21) медициналық бақылауда. Бүгінгі күнге Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен науқастар саны-4, коронавирусты пневмония диагнозымен науқастар саны-2.
Қосалқы диагнозы коронавирусты инфекциясымен 2020 жылы 6 науқас көз жұмса, 2021 жылы бүгінгі күнге дейін өсу ретімен 20 науқас көз жұмды. Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Үй және жұмыс орны бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, олардан сынама алынып, ПТР әдісімен зерттеу мақсатында зертханаға жолдануда.
А.НҰРҒАЛИ

Ұқсас ақпараттар

КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

АУДАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗОНЫ ПОДТОПЛЕНИЯ НА КОНТРОЛЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.