«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Даналар айтқан төрт нәрсе

Төрт нәрсе жақсы, ал төрт нәрсе олардан жақсырақ. Ұят ерлер үшін жақсы, әйел заты үшін одан да жақсы. Әр адамның әділ болғаны жақсы, алайда әміршілердің әділ болғаны одан да жақсы. Қарт адамның тәубеге келгені жақсы, алайда жас жігіттің тәубе еткені одан да жақсы. Байлардың жомарт болуы жақсы, алайда кедейдің жомарттығы одан да жақсырақ.
***
Төрт нәрсе жаман, ал тағы төрт нәрсе одан да жаман. Жас жігіттің күнә істегені жаман, ал қарттың күнә жасауы одан да жаман. Сауатсыздың дүниеге берілгені жаман, алайда ғалым адамның дүниеге  берілуі одан да жаман. Барлық адамның ғибадатқа салғырт қарауы жаман, алайда ғұламалар мен шәкірттердің салғырт қараулары тіпті жаман. Байлардың тәкаппар болғаны жаман, кедейдің тәкаппар болғаны одан да жаман.
***
Осман (р.а.) былай деген: «Төрт нәрсенің сырты артықшылық, іші парыз. Ізгі адамдармен бір болу – артықшылық, ал олардың ізімен жүру – парыз. Құран оқу – артықшылық, онымен амал істеу – парыз. Қабірді зиярат ету – артықшылық, ал қабір әлеміне дайындалу – парыз. Әл үстінде жатқан аурудың жағдайын білу – артықшылық, ал оның соңғы өсиетіне құлақ асу – парыз іс».
***
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Төрт биік бар: дауаның биігі, әдептің биігі, ғибадаттың биігі, арманның биігі. Дауаның биігі– аз тамақ ішу. Әдептің биігі – аз сөйлеу. Ғибадаттың биігі –күнәнің аз болуы. Арманның биігі –сабырлық».
***
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Пенденің өне бойында төрт жауһар бар. Бұл төртеуін төрт нәрсе кетіреді. Бұл төрт жауһар: ақыл, дін, ар-ұят, жақсы іс. Ақылды кетіретін нәрсе – ашу-ыза, дінді құртатын нәрсе – қызғаныш, ар-ұятты құртатын нәрсе – нәпсі, жақсы амалды құртатын нәрсе – ғайбат сөз».
***
Хамид әл-Ләффаф былай деген: «Төрт нәрсенің жолын қате ойлап, кейін дұрысын таптық. Байлық дүние жинауда деп ойлап едік, сөйтсек нағыз байлық қанағатта жатыр екен. Жан тыныштығы бай-қуатты  тұруда деп ойласақ, керісінше, мал-мүліктің азында екен. Қызық-ләззатты нығметтерден іздеп жүрсек, ол деннің саулығында екен. Ризық-несібені жердің бетінен іздеп жүрсек, оның кілті аспанда екен».
***
Хатим әл-Асам былай депті: «Кім төрт нәрсесіз төрт нәрсеге жеттім десе, оныкі жалған. Тыйымдарынан тыйылмай, Алла тағаланы жақсы көремін деу – өтірік. Жарлы-жақыбайды ұнатпай, Пайғамбарды (с.а.с.) жақсы көремін деу – өтірік. Садақа бермей жәннатты жақсы көремін деу – өтірік. Күнәларынан тыйылмай, тозақтан қорқамын деу – өтірік».

Ел аузынан

fatua.kz

Ұқсас ақпараттар

«Қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес» — Аймағамбетов ата-аналарға

admin_mugalzhar

​Обсуждению подлежит

admin_mugalzhar

Діни басқарма оқушылардың орамал тағуына қатысты мәлімдемесін жариялады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.