«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысының әкімі өңірдің қыз-келіншектерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің қыз-келіншектерін Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шараны ашқан облыс әкімі Мемлекет басшысының облыстық драма театрының әртісі Шалқия Бақытжанқызына жіберген құттықтау хатын оқып берді.
Шараға шақырылғандардың қатарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өміріне белсенді араласып жүрген қыз-келіншектер – көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер және т.б. болды.
“Көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінде әйелдер – отбасының ұйытқысы ғана емес, олар еңбектің барлық саласында кәсібиліктерін лайықты дәрежеде көрсетіп жүр. Сіздерге мол бақыт, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!”,- деді облыс әкімі.

Шара соңында әйелдер қауымына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында биыл 25 балабақша ашылады

admin_mugalzhar

299 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 8 қабатты студенттер үйі салынып жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.