«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Минус 28℃-қа дейін аяз, қатты жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жауын-шашын болады, термометр -28 градусқа дейін төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында қалады, осыған байланысты ауа райы аязды, көбіне жауын-шашынсыз болады.

«Түнде термометр бағаны 20…28 градус аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады және ауа температурасы күндіз 0…+10 градусқа дейін, түнде 0…-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ — БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

admin_mugalzhar

+46°С. Шымкент пен еліміздің барқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.