«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік оқушы ерекше қосымша ойлап тапты

Ақыл — жастан

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аян Қайырбекөзі жасаған зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған мобильді қосымшаға авторлық құқық алды. Физикалық, жыныстық, психологиялық немесе экономикалық зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алуға көмектесетін қосымша «UmaiAsar» деп аталады.

UmaiAsar мобильді қосымшасын пайдалану үшін операциялық жүйесі Android болатын құрылғы қажет. Қосымшаға кірген кезде сенімді үш адамның телефон нөмірін енгізу керек болады. Жедел хабарлама жіберу қажет болған жағдайда осы үш нөмір қолданылады. Пайдаланушы смартфонындағы геолокация тетігін қосып қоюы керек. Дереу көмек қажет болған кездеенгізілген үш адамның нөміріне геолокация туралы ақпаратты сұрайтын хабарлама жіберіледі.
Бұл қосымша зорлық-зомбылықтың алдын алуға және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз, — дейді аталған мектептің информатика пәні мұғалімі, жоба жетекшісі Шадияр Тажғуразов.

Аян Қайырбектің айтуынша, бұл идея 2020 жылы, елде қатаң карантиндік шектеулер енгізілген кездері туған. «Өйткені отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері сол кездері жиілеп кетті», — дейді ол. Былтыр идея авторы техникалық тұрғыдан 102 немесе 112-ге хабарлама жіберу мүмкіндігі бар-жоғын сұрап, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне ресми хат жолдаған.

— Алайда құзырлы министрліктер мұндай мүмкіндіктің жоқ екендігін, дегенмен бұл ұсыныс туралы жұмыс жасап жатқандығын айтты. Мүмкіндік туған бойда оны да қосымшаға енгізуге әзірмін. Қосымшаны одан әрі жетілдіру үшін Конституция, қылмыстық, әкімшілік кодекс секілді сенімді дереккөздерден мағлұматтар алдым. UmaiAsar қосымшасы қандай да бір жағдайға тап болған адамға дереу көмекке келуге мүмкіндік береді. Себебі әр секунд маңызды болатын кезде минуттап сөйлеспейсіз, тек бір ғана тетікті бассаңыз жеткілікті, — дейді ол.

Аталған қосымшада еліміздегі дағдарыс орталықтары, алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсету тәсілдері, құқықтық база туралы ақпарат бар.

М.ТАБЫН, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТАҒЫ ЖАРЫҚҚА ЖАУАПТЫ ЖАН

admin_mugalzhar

«ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.