«Қандыағаш-Ақкемер» және “Ақкемер-Елек” бағытында көтерме жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы тас жолды жөндеп жатқан «Ассанадорсторй» мердігерінің 1 кран, 3, шахман, 1 погрузчик, 1 автогрейдер арнайы техникалары жұмылдырылып, аталмыш жолға су өткізгіштер қойылып, құм, қиыршық тас (щебень) төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстар толық аяқталғаннан кейін «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытына қатынайтын көлік қатынасы ретке келтірілетін болады.