«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

«Отбасы банк» АҚ жалдамалы баспананың құнын өтеу үшін субсидия алуға өтінім қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде жалдамалы тұрғын үйге субсидия алуға азаматтардан 13 758 өтінім қабылданды. Оның ішінде 6392 өтінім ЖСН арқылы берілді. Қазіргі дерекке сәйкес 3044 клиентке субсидия мақұлданды. Аталған азаматтар өзіне тұрғын үй іздестіре берсе болады. Шамамен 2 аптадан соң олармен келісімшартқа отырамыз. Өтініш иесі баспананы өзі іздеп табады, содан соң тұрғын үйді жалдау бағасының 50 пайызын мемлекет өтейді. Сонымен қатар бүгінде 743 клиенттің өтініші қаралу үстінде. Ескеретін жайт, жалға берілетін тұрғын үй субсидиясына құжат тапсырғанда өтініш иесінен бөлек, жұбайы (зайыбы) мен олардың кәмелет жасына толған балалары да электрондық цифрлық қолтаңбасын қалдыруы керек», — деді «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Банк басшысының мәліметінше, 7993 азаматтың тұрғын үй субсидиясын алуға берген өтініші түрлі себептерге байланысты қанағаттандырылмады. «Құжат қабылдау онлайн форматта жүріп жатыр. Банкке келудің қажеті жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй субсидиясына өтінішті жекелеген санаттарға жататын азаматтар ғана бере алады. Олар көпбалалы отбасылар, 1, 2-топтағы мүгедек жандар, жетім балалар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар», — дейді ол. Еске салайық, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспананы жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірлеген болатын. Оған сәйкес, үйді жалға алу құнының 50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді. Бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда 608 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж екендігі айтылды.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Жаңбыр мен найзағай: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

Сабақ кезінде мұғалімге де, оқушыға да ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕКТЕП — ҮЗДІК МЕКТЕП АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.