Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің елді мекендерді газдандыруға арнаған жоспарына сәйкес Мұғалжар ауылына газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
380 үйі, 1730 тұрғыны бар Мұғалжар ауылына 40 шақырым болатын Ембі қаласынан көгілдір отын тартылуда. Жұмыстарды «Алия-Сервис» ЖШС-і жүргізуде.
Мердігер мекеменің техникалары қазіргі таңда ауылішілік жұмыстарды атқаруда. Мұғалжар ауылындағы «Тасбұлақ» және «Қазақ ауыл» деп аталатын жеке тұрғын үй аумақтарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауылішілік жұмыстар маусым айының аяғына дейін аяқталады.
Сонымен қатар Ембі қаласынан ауылға дейін көгілдір отынды тарту жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Тас» разъезіне дейін 4,5 шақырым тартылып, құбырларды жабу жұмыстары іске асырылуда.