«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ ЕМДЕУГЕ АРНАЙЫ ОРЫН АШЫЛДЫ

Батпақкөл ауылдық округі тұрғындарының басты ұсыныстарының бірі — округ орталығы Жағабұлақтан малды қамауға, оларға түрлі емдеу жұмыстарын жүргізуге арнайы қоршалған орын дайындап беру еді. Осы ұсыныстарын орындау мақсатында «СНПСАқтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Октябрьмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының демеушілігімен және ауыл тұрғындарының қолдауымен арнайы орын жасалды. Бұл орын келешекте ауыл тұрғындарының малдарын ұстап, оларға түрлі емдік жұмыстар жүргізуге өз көмегін тигізетін болады.
— Осындай игі бастаманы жүзеге асыруға көмектескен ауыл жастарына және «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы бас директорының орынбасары, «Октябрьмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бастығы Р.Бекенов, «Октябрьмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасы бастығының өндіріс бойынша орынбасары Ш.Әбдіжами және «Октябрьмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының қоршаған ортаны қорғау бойынша бас техникалық жетекшінің орынбасары Р.Жұбалиевтерге ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, — деді округ әкімі М.Боқашев.
«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 15 ЖЫЛДА 403 МАМАН ЖҰМЫСҚА ТҰРДЫ

admin_mugalzhar

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Казахстанец-финалист конкурса Илона Маска представил свой электромобиль

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.