«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

+46°С. Шымкент пен еліміздің барқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шымкентте және Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды. Нақтырақ айтқанда, 46 градус аптап ыстық, шаңды дауыл, найзағайдың ойнауы сынды табиғат мінез көрсетеді, сондай-ақ елдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шымкентте күндіз 20-22 шілдеде + 40…+43°С дейін қатты ыстық болады деп күтіледі

19-20 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан солтүстікте, батыста және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 19 шілдеде аталған өңірдің батысында, шөлейтті аудандарында +41°С дейін, 20-22 шілдеде облыстың басым бөлігінде +40…+43°С дейін қатты ыстық сақталады. Күндіз 21-22 шілдеде батыста, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында + 45…+46°С дейін өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Түркістанда күндіз 19-20 шілдеде –+41°С дейін, күндіз 21-22 шілдеде +45°С дейін қатты ыстық болады.

19 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз өңірдің орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде сынап бағаны +43°С көрсетіп, төтенше өрт қауіпі сақталады. Күндіз 20-21 шілдеде өңірдің басым бөлігінде +45…+46°С дейін қатты ыстық болады. Қызылордада 19 шілдеде күндіз +40…+41°С дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан батысқа ойысқан желдің екпіні түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде +35…+38°С дейін қатты ыстық болады. Ал өңірдің оңтүстігінде сынап бағаны +43°С дейін көтеріледі.

19 шілде күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз қатты ыстық болады: +35…+38°С. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 шілде күндіз +36°С-қа дейін ыстық болады.

Ұқсас ақпараттар

170 БАЛА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМ АЛДЫ

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ҚАЛА, АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЛАУАЗЫМЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

“AQTOBE OPEN 2025”: Қандыағаштық спортшылар жүлдемен оралды

admin_mugalzhar