«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы болып Бахраман Қуанышұлы Аманжол тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бөлім басшысын аудан әкімі Асқар Шериязданов пен Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Бахраман Қуанышұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2001 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдар аралығында Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылындағы Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Ырғыз аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарған. Ырғыз ауданындағы Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің, Құмтоғай орта мектебінің, №1 қазақ орта мектебінің, Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің директоры болып еңбек етті.

Ырғыз ауданы Жайсаңбай селолық округінің әкімі, Ырғыз аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың наурыз айынан бастап Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысының қызметін атқарып келді. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Сенатор Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

admin_mugalzhar

Данияр Шамшаев өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды

admin_mugalzhar

Гүлім ҚҰРМАНБАЕВА: «ШЕКТЕУДІҢ ТЕК МИЫМЫЗДА ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕМІН»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.